«Qazaq Culturе» жобасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaq Culturе» жобасы таныстырылды

30.03.2024

«Qazaq Culturе» көрерменге виртуалды 3D-турлар арқылы еліміздің түрлі өңірлеріне сапар шегіп, көрікті жерлерді зерттеуге мүмкіндік береді. Елордада бірегей жоба таныстырылды. Сайт қолданушысы жасанды интеллект арқылы фотосуретін енгізіп, өзін батыр немесе Ұлы дала жауынгері бейнесінде көре алады. Жоба авторы Мерей Зейнештің айтуынша, сайт БҰҰ-ның 6 тілі және қазақ, түрік тілдерінде ақпарат таратады. Жобаны дайындау барысында озық тәжірибе пайдаланылған. Мәселен сайтқа тіркеліп, жазылу арқылы туристер белгілі бір қаланың немесе жалпы елдің кез келген музейіне бірыңғай билетті онлайн рәсімдей алады.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу