Р.Скляр: Үкімет тарапынан тиісті көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Р.Скляр: Үкімет тарапынан тиісті көмек көрсетіледі

30.03.2024

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр су тасқыны жағдайымен танысты. Теректі, Сырым, Қаратөбе аудандарындағы су басқан аумақтарды әуеден бақылады. Өңірдегі төрт аудан мен Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды. 460-тан астам үйге су жайылып, мыңнан аса адам эвакуацияланды. Бөрлі ауданының Кеңтүбек, Ақсу ауылдарынан 251 тұрғын қауіпсіз аумаққа орналастырылды. Шыңғырлау өзені арнасынан асып, елді мекендерге қауіп төндіргендіктен, мамандар мұз жарды. Өңірде құрылған арнайы комиссия табиғи апаттан келген шығынды есептеуді бастады. Роман Скляр барлық бағыт бойынша су тасқынына қарсы күресті күшейтуді және тұрғындардың қауіпсіздігін бірінші кезекте қамтамасыз етуді тапсырды. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу