Алматыда күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

29.03.2024

Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. Қаладағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін сол үйде тұратын тұрғын көлікпен қағып, артынша сабаған. Күзетші ауруханада көз жұмды. Оқиға түнгі 2 жарымда болған. Ауладағы шудан оянған тұрғындар дереу полиция мен жедел жәрдем шақырған. Тілші тарқатады.

Түн ортасында болған оқиға таспаға жазылған. Онда жол талғамайтын көлікті тізгендеген азаматтың қақпаны жауып жатқан күзетшіні бірнеше рет соққанын көруге болады. Артынша, шалажансар адамды ұрып-соққан. Пәтер иелері кооперативі жетекшісінің айтуынша, мас жігітті ата-анасы сыртқа шығармауды сұрапты.

 Әлия Досмаилова, ПИК жетекшісі:

Нұрбол оны тоқтатпақ болды, мас адам енді ойлаңыздар, жолға шықса қаншама адамды өлтіреді ол жерде. Осыдан үш төрт ай бұрын менің диспечерімнің шашынан сүйреген, полицияда бар ол заявление жаздық. Охраникте қорқытады, ішіп алғанда бәріміз тығылып отырамыз. Қанша рет полицияға айттым. 

Үйдің тұрғындары да жігіттің үнемі мас болып, елді әбіерге салатынын айтады.

Данэля Сартай, тұрғын:

Үнемі ішіп жүреді, тіпті өзінің анасының қолын сындырған кезде де болған.

Ал ауыр соққының салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмған Нұрбол Қайыпбаев 42 жаста еді. Марқұмның артында анасы, мүгедек бауыры, жан жары мен 3 баласы қалды. Отбасындағы жалғыз асырушысынан айырылған олар, кәнілі адамның қатаң жазалануын талап етіп отыр.

Майра Қайыпбаева, марқұмның анасы:

Жазалансын айуандық жасағаннан кейін. Мен ойлағанмын, нечайно қағып кетсе, ештеңе демеңдер балам, ол әркімнің басында болады деп. Бірақ бұл нечайно емес қасақана, арнайылап жасалған дүние болып тұр ғой.

Әсем Бәйселқызы, марқұмның әйелі:

Біздің арманымыз бала-шағамыздың немересін бағу ғой. Өзіміздің баспанамыз болып, балаларды оқытып, әрқайсысын маман иесі қылу еді ғой.

Ал күдікті оқиғаға орнынан қашып, өзіне қол салуға әрекеттенген. Оны полицейлер 14-ші қабаттан секірмек болған жерінен қолға түсіріп, тергеу изоляторына қамады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу