АҚШ-та сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды

28.03.2024

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Вашингтонға сапары аясында АҚШ Сауда өкілі Кэтрин Таймен келіссөздер жүргізді. Министр жаңа Үкіметінің басымдықтары, өзара байланыс және өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді мәселелерге тоқталды. Әрі АҚШ Сауда өкілін «Астана» халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Кэтрин Тай Қазақстан экономикасының даму қарқынын жоғары бағалап, өзара ынтымақтастықты тереңдету жайын сөз етті. Мұрат Нұртілеу американдық Wabtec компаниясының өкілімен де кездесіп, көлік және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, компанияның инженерлік орталығын ашу және «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге жұмыс тәжірибесінен өтеуге мүмкіндік жасау жайын талқылады.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу