Қазақстан ядролық энергетика жөніндегі бірінші саммитке қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ядролық энергетика жөніндегі бірінші саммитке қатысты

26.03.2024

Жаһан елдері климаттық міндеттемелерді орындап, қоршаған ортаны қорғау үшін атом энергетикасын дамытпақ. Брюссельде өткен тұңғыш ядролық энергетика саммитіне қатысушылар осыған уағдаласты. Мәртебелі жиынға қазақстандық делегация да қатысты. Саммитте парниктік газдардың ауаға таралуын азайту үшін атом энергетикасын дамытып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Әлем көшбасшылары жасыл энергияға көшу үшін бейбіт атомды пайдалануды, модульдік реакторлар салып, осы салаға инвестицияны көбейтуді ұсынды.

Мейіржан Юсупов, «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК»АҚ Президенті:

Біз бұл саммитке пікір алмасу мақсатында қатысып жатырмыз. Себебі, Қазақстан табиғи уран өндіруден әлемде көшбасшы мемлекет. Көміртектен түбегейлі бас тартуда біздің ел маңызды рөл атқарады. «Қазатомөнеркәсіп» әлем нарығына уранды сенімді әрі негізгі жеткізуші.

Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі:

Тағы бір мәселе-бұл атом энергитикалық инфрақұрылымдарды қаржыландыру. Сол мәселелер талқыланды. Қазақстан болса осы энергетикалық нарықта белсенді серіктеспіз. Соған байланысты біздің осы шараға қатысқанымыз маңызды деп санаймын.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу