Сарапшы пікірі: Ұлттық бірегейлікті сақтау тарихи әділдік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы пікірі: Ұлттық бірегейлікті сақтау тарихи әділдік

20.03.2024

Қазақстан жаңа дәуірде жаңа тарихын жасап жатыр. Үшінші Ұлттық құрылтайдағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлтты ұйыстыру тұрғыдағы бастамалары Канадалық сарапшылардың көңілінен шыққан. Diplomat Magazine Ottawa басылымының редакторы Улле Баум құрылтайда ұлттық біргейлікті сақтау әрі дамыту ісіне ерекше мән берілгені тарихи әділдік дейді. Сондай ақ, Қазақстанда тұратын әрбір ұлыстың тілін сақтап, дәстүрін ұмытпауы үшін жағдай жасап отырғаны көпке үлгі екенін айтса, Жаһандық байланыс институтының ғылыми қызметкері Эндрю Разилиус: «Президент баяндамасынан Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатын мейлінше байсалды және жанжақты ойластырып жүргізетініне тағы да куә болдым»,- дейді.

Эндрю Разилиус, Жаһандық байланыс институтының ғылыми қызметкері:

Cыртқы саясатты жүргізуде көпқырлы деген термин өте маңызды қазіргі жағдайда. Қазақстан сол ұстанымы арқасында Ресей, Қытаймен аймақ елдерімен және батыспен оның ішінде ақш және Канадамен жақсы іскерлік байланыс орнатып отыр. Бұл Қазақстанға мүдделер теңгерімін сақтауға мүмкіндік берді. Халықаралық байланыста бұл аса қажет. Яғни, қандайда бір тарапқа аса тәуелді болмау ұлттық мүддеге сай келісімдер жасауға жол ашады. Сондықтан Қазақтан өте мығым әрі бірізді сыртқы саясатты жүргізіп келеді.

Хабарламаларға жазылу