«Zhubanoffest – 2024» І Халықаралық заманауи музыка фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Zhubanoffest – 2024» І Халықаралық заманауи музыка фестивалі өтті

20.03.2024

Алматыда үш күнге жалғасқан «Zhubanoffest – 2024» I-ші Халықаралық заманауи музыка фестивалі өз мәресіне жетті. КСМ: Фестиваль аясында Испания , Ресей және еліміздің жетекші музыканттары үздік музыка жауһарларын орындап, арнайы шеберлік сағаттарын өткізді.

Сондай-ақ, шара барысында отандық жас суретшілер көрмесі де ұйымдастырылды. Дәл осы фестивальде еліміздің мәдениетіне үлес қосып жүрген өнерпаздардың еңбегі паш етілді.

Ерназар Ғабитұлы, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының көркемдік жетекшісі:

Испаниядан 3 бірдей Барселона музыка академиясының 3 профессоры келді. Бір скрипкашы, бір виолончелист, пионист-композитор келді. Фестивальіміздің аясында бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция бастау алды. Оның аясында Саян Ақмолда қобызшы әйгілі қобызшы қазақстандық алдыңғы қатардағы өнерпазымыздың жинағы ашылды. Яғни, қобызға арналған шығармалар, қобыз жинағы. ))

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу