Болашақта бүкіл әлемде шағын бір парламент құрылуы мүмкін. Оған шамамен 50 адам мүше болады. Дегенмен, ол жерде негізгі жұмысты жасанды интеллект атқарады яғни, заң жобаларын дайындайды. Дайын жұмысты саясаткерлер халыққа жеткізеді. Бұл туралы Президенттің орталықта өткен "Биліктің заң шығарушы тармағы: трансформация және жаңа бағдарлар" атты дөңгелек үстелде айтылды.
Сонымен бірге, жиында қоғамда заң мен тәртіптің сақталуы үшін қажетті құқықтық инфрақұрылымды қалыптастыру маңыздылығы сөз болды. Сарапшылар парламентаризмнің болашағы мен дамуы бойынша түрлі сараптамалық бағалауларды, «Заң және тәртіп» қағидатын сақтауды құқықтық қамтамасыз етудегі өкілетті органдардың рөлін талқылады.
Нұрбек Пұсырманов, ҚР Мемлекеттік тарихы институтының директоры:
Жақында өткен үшінші құрылтайда заң мен тәртіп құндылығы көтерілді. Осының аясында бүгінгі жиын маңызды. Өйткені, соңғы Конситуциялық өзгерістерге сәйкес елімізде Парламент мәжілісі сайлауы өткен болатын. Сондықтан, осы күн Парламенттік институттың қайта бір өткен күніне қарап сайлау жүйесін, заң шығарушы органның дамуындағы мәселелерді ортаға салып, талқылап жатырмыз.