Тарихшылар: Сарайшықта қазақтың 9 ханы жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихшылар: Сарайшықта қазақтың 9 ханы жатыр

18.03.2024

Сарайшықта қазақтың 9 ханы жатыр. Шежірелі Атырауда өткен ұлттық құрылтайға қатысқан сарапшылар мен тарихшылар осылай дейді. Олардың арасында Қазақ хандығын қуатты мемлекетке айналдырған Қасым хан да бар.

Ұлы Жібек жолының бойында тұрған қала бір кездері айрықша геостратегиялық рөл атқарып қана қоймай, өркениет бастауы болған. Тіпті сол ғасырларда қалада су мен кәріз құбыры әр үйге тартылған. Бұл туралы келелі жиынға қатысқан Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров айтты. Ол «Ақорда» бағдарламасына берген сұхбатында көне шаһарды қалыпқа келтіру міндетіміз деді.

Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһарманы, Ұлттық құрылтай мүшесі:

30 жыл бұрын осында келгенде Мұхтар Шаханов екеуіміз көргенбіз. Сарайшықтың тастарын қопарып жатқанда кәріз құбыры табылған. Мен ойлаймын қандай біздің халық дарынды болды. Мәдениет деген өте жоғары болып, бүгінгі күні қазақ халқы соны жоғалтпай әлі ұстап әкеле жатырмыз.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу