Ұлттық құрылтай басталды
Дәл қазір Атырау қаласында Ұлттық құрылтай басталды. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Ертеде Хан ордасы болған Сарайшықтың іргесіндегі Атырау бұл күндері қалың қазақты толғандырған мәселелер талқыға түскен орынға айналды. Үшінші құрылтайдың негізгі жиыны жаңа ғана басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев міне сөз алды. Президент ұлт ұясы Ұлытау мен тарихи Түркістанда өткен жиындар жемісті болғанын атап өтті.
Үшінші отырыстың күн тәртібі қоғамдық топтасу мен жалпыұлттық құндылықтарды дамытудың түрлі мәселелерін қамтиды. Кеше құрылтайдың секция отырыстары өткені белгілі. Ол 4 бағыт, 4 тақырып бойынша ұйымдастырылды. Азаматтық қоғам, Мәдениет. Өнер. Руханият, Білім және ғылым сондай-ақ Әлеуметтік экономикалық және аймақтық даму тақырыптары бойынша өтті. Сала-сала бойынша құрылтай мүшелері қоғамда қордаланған мәселе бойынша өз ойларын айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Сарапшылар Ұлттық құрылтайдың мән-маңызы мен салмағы жылдан жылға артып келе жатқанын айтады. Мұнда тек мәселе айтылып қана қоймайды. Оны шешудің жолдары да қарастырылады. Соның нәтижесінде Ұлттық құрылтай - азаматтардың ұсыныс-пікірлерін айтатын ашық алаңға айналып келеді.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеке мектептерге талап күшейеді
17.01.2026, 20:10
Астанада Талдау мектебінің бесінші маусымы ашылды
17.01.2026, 20:07
Павлодар облысында өрт кезінде екі баласынан айырылған отбасына баспана берілді
17.01.2026, 20:06
Бесқайнар ауылының қоқыс полигонына 347 миллион теңге айыппұл салынған
17.01.2026, 20:03
Энергетика министрі үшінші жылу электр орталығының құрылысын сынға алды
17.01.2026, 20:02
Иранда жаппай шерулер кезінде қаза тапқандар саны 3090-ға жетті
17.01.2026, 20:01
Ақ Үй Газа секторын уақытша басқаратын кеңес мүшелерінің есімдерін атады
17.01.2026, 20:00
Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді
17.01.2026, 19:57