Майқайыңда тағы төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майқайыңда тағы төтенше жағдай жарияланды

12.03.2024

Майқайыңда тағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл жолы Баянауыл ауданының әкімдігі ұйытқы болған. Яғни, «Майқайыңалтын» АҚ-ның аумағында болған апаттан соң шұңқырға жақын орналасқан тұрғын үйлерде тұратын адамдардың өміріне төнген қауіп-қатер ықтималдығына байланысты осындай шешім қабылданған. Қазір адамдар жақын тұратын аумақтарда тексеріс жүріп жатыр. Ел ішінде «шанхай» деп аталып кеткен кенттің шетіндегі 100-ге тарта үй апат болған аумаққа өте жақын орналасқан. Бұған дейін кейбір тұрғындар тарапынан жерде жарықшақтар пайда болды деген арыз түскен болатын.

Жасұлан Жұмашев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

Баянауыл ауданының әкімдігі кеніш және кент аумағында төтенше жағдай жариялады. Тұрғын үйлерге қаншалықты қауіпті екендігін айқындау үшін арнайы сарапта жасау қажет. Осы мақсатқа қаражат бөлу үшін сұраныс берілді. Бұл жұмыстар жергілікті атқарушы органның құзырында.


Хабарламаларға жазылу