Ресейде инфляция 8 пайызға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде инфляция 8 пайызға жуықтады

11.03.2024

Ресейге салынған санкция саны өсті. Соның салдарынан елде инфляция 8 пайызға жуықтады.

Индира Бегайдар, тілші:

Ресейдің орталық банкі базалық мөлшерлемені 5 рет көтеріп, валюта бағамын күшейтпек болды. Алайда экономистердің бұл қадамы тиімсіз екенін көрсетті дейді сарапшылар. Бір доллар жүз рубльге теңеліп, елді қымбатшылық жайлады. Ипотека құны көкке ұшып, айлық қысқарған.

Владимир Волох, сарапшы:

2023 жылы еңбек ресурсы жетпей жатыр. Одан бөлек демографиялық ахуал да нашарлады. Елде жұмысшы жоқ. Биыл да бұл көрсеткіш көңіл көншітпейді. Сондықтан бұл мәселені шешу керек.

Гайдар атындағы экономикалық саясат институтының зерттеуі бойынша жергілікті кәсіпорындардың 42%-да кадр жетіспейді. «Мұндай жағдай соңғы рет 1998 жылы тіркелген», - дейді сарапшылар. Орталық банк жүргізген еңбек нарығының мониторингіне сәйкес жұмысшы тапшылығы сумен жабдықтау, тау-кен өндіру, көлік-логистика саласында байқалады. Экономистердің айтуынша, мамыр айында инфляция 10 пайызға жетеді.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу