«Астана» радиосының мерекелік тартуы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» радиосының мерекелік тартуы

07.07.2016
«Астана» радиосының мерекелік тартуы

Елорда күніне орай, «Астана FM» радиосы қала қонақтары мен тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Эстрада әншілері мен жас өнерпаздар ашық аспан астында думанды концерт өткізіп, халықты мерекемен құттықтады.

Ымырт үйіріле Астананың орталық саябағы бір сәт сахналық ойын-сауық алаңына айналды. Әдемі музыка үні естілісімен, бұл маңайға жиналған халықта есеп болмады.

«Астана» радиосының журналистері қызықты байқаулар өткізіп, халықтың  көңілін көтеріп, ерекше шоу ұйымдастырды.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу