Қазақстанға 8 мың тоннадан астам гүл импортталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға 8 мың тоннадан астам гүл импортталған

06.03.2024

Былтыр Қазақстанға құны 61 млн АҚШ доллары болатын 8 278 тонна гүл импортталған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанға гүл экспорттайтын ірі елдер қатарына Эквадор, Нидерланды, Кения мен Колумбия кіреді. Былтыр 12 айда елімізге Эквадордан – 4 913 тонна, Нидерландыдан – 1633 тонна, Кениядан 655 тонна және Колумбиядан – 488 тонна гүл әкелінген.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу