Үндістанда қазақстандық ұшақтың қатысуымен әуе апаты бола жаздады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда қазақстандық ұшақтың қатысуымен әуе апаты бола жаздады

01.03.2024

Үндістанның Мумбай қаласындағы әуежайда қазақстандық ұшақтың қатысуымен әуе апаты бола жаздады. Шетелдік БАҚ өкілдері осындай ақпарат таратты. FlyArystan компаниясына тиесілі борт жолақты шатастырып, басқа ұшақтың ұшу-қону жолағына шығып кеткен. Осы кезде жылдамдық алып жатқан AirIndia әуе кемесінің ұшқышы қарсы бағыттағы лайнерді байқап, тоқтап үлгерген.

Ақпарат көздері бұл оқиға 22 ақпан күні болған деп отыр. FlyArystan компаниясы өкілдері бұл оқиғадан хабардар екенін жеткізді. Қазір Мумбай халықаралық әуежайымен бірлесіп тексеру амалдарын жүргізіп жатқандарын жазбаша хабарлады.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу