Қызыл аймақта орналасқан 19 жылу электр орталығы жаңартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызыл аймақта орналасқан 19 жылу электр орталығы жаңартылады

23.02.2024

Биыл еліміздегі Қызыл аймақта орналасқан 19 жылу электр орталығы жаңартылып, күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Энергетика министрі хабарлады.

Атап айтсақ, 10 энергоблок, 55 қазандық, 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. Қаржылай қолдау үшін электр энергиясының тарифі 20 процентке өзгертілді. Ал қайтарылатын инвестицияның жылдық лимиті 428 млрд теңгеге ұлғайды. Қаражат энергетикалық активтерді жаңартуға жұмсалады. Бұл шара осы салаға тағы 327 млрд теңге тартуға мүмкіндік берді.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу