Елордада бастауыш сыныптар онлайн оқып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада бастауыш сыныптар онлайн оқып жатыр

23.02.2024

Елордада бастауыш сыныптар онлайн оқып жатыр. Бұған бірнеше күн бойы беті қайтпай тұрған аяз себеп. Сондай-ақ синоптиктер бүгін 12 қалада ауа райы қолайсыз болатынын ескертті. Ақтөбе, Атырау, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Риддер, Семей, Өскемен, Қарағанды, Теміртауда ауа ластанады. Өйткені желдің екпіні баяу. Салдарынан ауа құрамындағы зиянды заттар жерге жақын атмосфералық қабатта шоғырланады. Мұндай ауа райы тыныс алу жолдарына өте зиян. «Сондықтан аса қажеттілік болмаса, сыртқа шықпаған жөн», - дейді мамандар.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу