Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

22.02.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясы Корольдігінің негізі қаланған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

«Бүгінде Сауд Арабиясы – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіздің алдағы уақытта да Сіздің басшылығыңызбен игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестік білдіремін. Біз Корольдікті Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп білеміз. Осы ретте дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға арқау бола беретініне кәміл сенемін», – деп жазылған жеделхатта.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу