Екібастұзда құбырдағы апаттың кесірінен су беру қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда құбырдағы апаттың кесірінен су беру қиындады

21.02.2024

Екібастұз қалалық су арнасына қарасты магистральдегі апатты жою жұмыстары әлі жалғасуда. Таңертең 30 шақты адам ақауды жөндеуге кіріскен болатын. Алайда қосымша тағы 2 бригада құрылды. Барлығы 90 адам мен 40 жуық техника судың қай жерден ағып жатқанын анықтау үшін магистралді тексеріп жатыр. Күні бойы 11 учаскеде құбырлар жіті қаралды. Апат салдарынан Богатырь, Восточный кеніштері және Майқайың кентін сумен қамту қиындады. Өңірдегі ірі өндріс ошағы Богатырь Көмір кенішіне су беру доғарылды. Брақ кәсіпорын жұмысын тоқтатқан жоқ. Ал 10 мың халқы бар Майқайыңға қазір ауыз су резервтегі қордан үнемделіп берілуде. Әзірге екі тәулікке жететін су қоры бар дейді мамандар. Жедел штаб жағдайды бақылауда ұстап отыр.


Хабарламаларға жазылу