СІМ: Таиландпен шекаралас елдер аумағында 100 шақты отандасымыз құлдықта жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ: Таиландпен шекаралас елдер аумағында 100 шақты отандасымыз құлдықта жүр

21.02.2024

Таиландпен шекаралас елдер аумағында Қазақстанның 100-ге жуық азаматы құлдықта жүр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Жалпы, соңғы 2 жылда «Алтын үшбұрыш» деп аталатын шекаралас аймақта 200-дей отандасымыз алаяқтардың құрығына түскен. Осындай жағдайға тап болған Алматы мен Ақтөбе облысының тұрғындары елге қайтарылды. Олар Консулдыққа хат жазып көмек сұраған. 2 айдан аса құлдықта болған 2 қыздың да жоғары білімі бар, бірнеше шет тілін меңгерген, деді Айбек Смадияров. Алаяқтар отандастырымызға жоғары жалақы ұсынып, колл-орталықта оператор болуға шақырған. Ал, тұтқынға түскеннен кейін туыстарына хабарласып әрқайсысын босату үшін 10 мың доллар сұрапты. 1 айдай болған келісімнің нәтижесінде адам саудасының құрбаны болған қыздар құтқарылды. Сыртқы Істер министрлігінің өкілдері, интернеттегі жарнамаларға сенбеуге шақырды.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лоас аумақтарында 28 қазақстан азаматы шығарылған. Айта кету керек, 60-қа жуық Қазақстан азаматы елшілікке жүгінбей өз күштерімен елге оралған болатын. Ал, қазір қолда бар ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта жоғарыда аталған елдердің аумақтарында еңбек құлдығында 100-ге жуық Қазақстан азаматы қалып қалған деген ақпарат бар.


Хабарламаларға жазылу