Қайрат Нұртас автобус жолаушыларымен бірге Қазақстанның Әнұранын шырқады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Нұртас автобус жолаушыларымен бірге Қазақстанның Әнұранын шырқады (ВИДЕО)

26.06.2016
Қайрат Нұртас автобус жолаушыларымен бірге Қазақстанның Әнұранын шырқады (ВИДЕО)

Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас бейнежазбасын жариялады, Instagram-дағы парақшаға бірнеше сағаттың ішінде 100 мыңнан астам адам кірген.

Әлеуметітк желі парақшасында жарияланған бейнежазбадан  әншінің автобус жолаушыларының ортасында Қазақстан Әнұранын шырқап тұрғанын көруге болады. Ал балалар оған қошемет көрсетіп, бірге шырқауда.

Бейнежазба Ақтаудан түсірілген тәрізді, Қайрат Нұртас жолаушыларды ұшақтан әуежайға әкеле жатқан автобустың ішінде отырған болуы керек. Бірнеше сағаттың ішінде жарияланған бейнежазба 100 мың қошеметке ие болды, Instagram-да әншінің 1,2 миллион жазылушысы бар.

 

Хабарламаларға жазылу