Педофилдер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Педофилдер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады

14.02.2024

Педофилдер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Мәжіліс депутаттары көші-қон туралы заңнаманы мақұлдады. Ауыл шаруашылығы жерін жалға беруге қатысты да өзгерістер бар. Ал қандастарымызға қандай жеңілдіктер қарастырылған? Мәжіліс отырысынан Айя Мүтәлі.

МӘЖІЛІСТЕ МАСКА ТАҒУ МІНДЕТТІ

Бүгінгі отырыс таяуда ғана Қаржы министрі болып тағайындалған Мәди Тәкиевтің депутаттық өкілеттігін тоқтату рәсімінен басталды. Сегізінші шақырылымның осымен үшінші депутаты мандатын тапсырып отыр.

Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:

Алыс кетіп бара жатқан жоқпын. Осы мінберге жиі келіп тұрамын. Қатты сынамайтын шығарсыздар деп ойлаймын.

Бас санитар қаулысымен Мәжілісте маска тағу міндетті. Жуырда коронавирус жұқтырып, жұмысына қайта оралған спикер Ерлан Қошанов талапты бұзған депутатқа ескерту жасады.

ПЕДОФИЛДЕР МЕН ЛАҢКЕСТЕР ЕЛГЕ КІРМЕЙДІ

Депутаттар педофилдер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салатын құжатты мақұлдап, Сенат қарауына жіберді. Оған сәйкес, қылмыскердің шекара асып кетпеуі үшін мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Сондай-ақ, еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аударғандарға жер телімін жалға беру жағы да көзделген.

Жарқынбек Амантайұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бірақ, оның өзге біреулерге сатылып кетуіне, латифунистардың өз пайдасына пайдаланып кет+пеу жағы ерекше қарастырылған. 02:04 Сырттан келген қандастар немесе ішкі көшпен баратын азаматтарға әртүрлі көмектер қарастырылған. Субсидиялау көші-қондарын және квоталар беріледі.

БҰРАЛҚЫ ИТ МӘСЕЛЕСІ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛЕДІ

Бұдан бөлек, Мәжіліс бұралқы иттерді өлтіруді және жануаларды есепке алуды көздейтін заң жобасын қарап жатыр.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұралқы иттер болса 15 күн ішінде, ал олар қараусыз қалған жануарлар болса, 60 күн ішінде эвтаназия қолдану. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын. Қолдауларыңызды сұраймын.

ЛУДОМАНИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАРАЛАДЫ

Айя Мүтәлі, тілші:

Сонымен бірге 1-2 апта ішінде Лудомания туралы заң жобасы да Мәжіліс қарауына жіберілуі тиіс. Депутаттардың сөзінше, құжатта жарнамаға тыйым салу, букмекерлік орталықтардың жұмысын бақылау және жауапкершілікті күшейту нормалары бар. Құмар ойынына әуес адамдардың аты-жөнін құпия сақтау арқылы емдеу жағы да қарастырылған.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу