Алматыдағы автобус апаты: 14 адам ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы автобус апаты: 14 адам ауруханаға түсті

13.02.2024

Алматыда 3 автобус пен бір жеңіл көлік соқтығысты. Жол апаты таңғы сағат 09:00-де болды. №54 автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, алдындағы №133 автобусқа және Нексиа маркалы автокөлігіне соғылған. Артынша №88 автобусты қағып, тоқтаған.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

ЖКО-на қатысқан үш қоғамдық көлікте жеке тасымалдаушыларға тиесілі.ЖКО дерегін Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.

Жол апаты салдарынан 17 адам зардап шеккен. Оның 14-і қазір ауруханада. «Науқастардың жағдайы орташа»,- дейді дәрігерлер.

Шайхитдин Бадиров, қалалық медициналық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары:

Жол-көлік орнында жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетті. Оқиға салдарынан жарақат алған 14 адам жарақат алды, науқастар қабылдау бөліміне жеткізілді, олар қабылдау бөлім деңгейінде тексеріліп жатыр. Барлық қажетті медицианалық көмек толық көрсетіліп жатыр. 3 науқас ауруханаға жатудан бас тартты.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу