Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады

12.02.2024

Құрылғанына 2 жылға жуықтаған Ұлытау облысының негізгі капиталға салған инвестициясы 14 пайызға өсіп, 210 миллиард теңгегеден асты. Бұл туралы Президент қабылдауында болып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берген өңір әкімі Берік Әбдіғалиұлы айтты. Биыл кем дегенде 16 жоба жүзеге асып, 700 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал, аграрлық сала бойынша, құс фабрикасы мен ет өңдеу кешенін және 3000 гектар аумақта көкөніс өсіретін фермерлік шаруашылықтарды іске қосу көзделіп отыр. Әкімнің сөзінше, жыл соңына дейін 10 спорт нысаны ел игілігіне беріледі.

Кездесуде облыстағы жылыту маусымының және жылумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы да айтылды. 2029 жылы Жезқазған және Сәтбаев қалаларында екінші жылу электр орталығының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жоба жылу тапшылығы мәселесін шешуге тиіс. Мемлекет басшысына Жезқазған – Қызылорда және Жезқазған – Арқалық жолының құрылысы жайлы, сондай-ақ Үйтас-Айдос су құбырының реконструкциясы туралы баяндалды.

Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі:

Білім саласында да осы алдағы екі жылда біз «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 6 мектеп құрылысы басталады. Биыл да Жезқазған қаласында 1 мектеп аяқталуы керек. Сапалы су мәселесі. Бұл да Мемлекет басшысының бақылауында. Биыл да ол жұмыстар жалғасады. Ендігі жылы осы мәселелер толықтай шешілуі керек.


Хабарламаларға жазылу