Әлемде 6 мыңға жуық қар барысы қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде 6 мыңға жуық қар барысы қалған

12.02.2024

Қар барысын қорғауды бірнеше мемлекет бірігіп қолға алады. Өзбекстанның Самарқан қаласында бас қосқан сарапшылар әлемде сирек кездесетін аңды сақтап қалудың жаһандық бағдарламасын жүзеге асыруға уағдаласты. Жиынға қазақстандық экологтар да қатысты. Әлемде 6 мыңға жуық қар барысы қалған. Сирек кездесетін аң халықаралық Қызыл кітапқа енген. Таулы аймақты мекендейтін барыс әлемнің 12 елінде кездеседі. Соның бірі - Қазақстан. Жаһандық жылыну мен мұздықтардың еруі салдарынан барыстар жүретін экожүйе тарылып барады. Сондықтан ынтымақтаса әрекет етудің маңызы зор. Барыс мекендейтін елдердің экология министрлері мен халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері бірлесіп, қар барысын қорғау бойынша қарар қабылдады.

Алексей Грачев, ҚР ҒЖМ зоология институтының өкілі, қар барысын бақылау орталығының жетекшісі:

Қазақстанда қар барысының тұрақты өсімі байқалады, бұл қуантарлық жағдай. Қазір елімізде барыстардың саны 190-ға жуықтайды. 15 қорық пен ұлттық саябақтарды мекендейтін бұл жабайы аң мемлекеттің ерекше қорғауында. Қар барысының популяциясын сақтау бойынша жүргізілген шаралар оң нәтижесін беріп келеді.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу