Алматыдағы «Тау самалы» ықшам ауданында тау көшкіні болып, лай батпақ бір үйді түгел шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Тау самалы» ықшам ауданында тау көшкіні болып, лай батпақ бір үйді түгел шайып кетті

11.02.2024

Алматыдағы «Тау самалы» ықшам ауданында тау көшкіні болып, лай батпақ бір үйді түгел шайып кеткені туралы. Үйінді астында қалған бір отбасының 4 адамы -ерлі-зайыптылар мен олардың жасөспірім егіз ұлдары көз жұмды. Үлкен ұлы аман қалды. Ол Мәскеуде оқиды екен...

 «Қазселденқорғау» мекемесі апатқа жер астындағы су құбырының жарылғаны себеп болған деп отыр. Кейін Алматының әкімі Ерболат Досевтың қала халқымен кездесуі барысында тау бөктеріндегі заңсыз құрылыспен күрес күшейеді деген. Оның сөзінше, 2022 жылы маусымда қалалық мәслихат 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салуды ұсынған. Сол нормаға сай келмейтін 54 құрылыс анықталған. 45-і бойынша сотқа талап-арыз берілген, оның 31-і қаланың пайдасына шешіліпті.

4-еуі әлі қарастырылып жатыр деді. Қалған ескертулер бойынша кемшілік жойылған немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылған көрінеді.

Таныстарының айтуынша, үйіндінің астында қалған отбасы тұрып жатқан үйді сатып алған. Сексенінші жылдары салынған үй дейді...Сұрақ, кейіннен және тау беткейіне өрмелей үй салғандарға. Су ағатын құбырлар да қалай болса, солай салынған. Тұралы Өңірбаев деген азамат болса, үйін салған кезде ғылыми зерттеу институтының мамандарын шақырып тұрып, 18 свай – қада қаққанын жазыпты. Ал көбі ленталық фундамент құяды екен. Ленталық фундамент деген темірбетонды жолақтар. Ол негізінен топырағы тығыз жерге құйылады.

Жаңағы 15 градустан асатын тау беткейіне құрылыс салуға болмайды деген нормаға тек 54 құрылыс сай емес деген ақпарға онша сенбейсің. Бұл бір. Екіншіден, тау беткейіндегі құбырлардың нормаға қаншалықты сай екенін де тексерген дұрыс. Керек.

Хабарламаларға жазылу