Таразда тоғызыншы сынып оқушысы өз сыныптасын пышақпен жарақаттаған
Таразда тоғызыншы сынып оқушысы өз сыныптасының мойынын пышақпен жарақаттаған. Екеуі де №35-ші мектептің оқушылары. Қыз бала әуелі сыныптасын саябаққа серуендеуге шақырады. Сөйтіп сырласып жүріп, күтпеген жерден суық қару сілтеген. Жарақат алған екінші қыз бала жан сауғалап, қансыраған күйі үйіне әзер жетеді. Қазір ол үй жағдайында ем алып жатыр. Ал пышақ ұрған оқушы психикалық диспансерге жатқызылған. Ал оның анасы сол мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол қызының мінез-құлқы осыдан үш жыл бұрын бұзыла бастағанын байқаған. Былтыр күзде психотерапевтке де емдеткенін айтты. Қазір полиция тарапынан іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Раушан Қожамжарова, қалалық білім бөлімінің басшысы:
Күдікті қыз бір емес, бірнеше рет осындай іс-әрекеттерге барған екен. Оны мектеп әкімшілігі, әкімшіліктің басшысы, мектеп психологы жасырып келген. Бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Алгоритим орындалған жоқ.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ясауитану» пәні үйірме ретінде енгізіледі
12.05.2026, 13:24
Мұнай біртіндеп қымбаттай бастады
12.05.2026, 13:18
Пәкістандағы жарылыстан 7 адам қаза тапты
12.05.2026, 13:15
«Бекіре-2026»: 6 тонна балық тәркіленді
12.05.2026, 13:12
Есірткі өндірген ағайынды Арыста ұсталды
12.05.2026, 13:09
Шымкентте қылмыстық топты түрмеден басқарған
12.05.2026, 13:06
LRT осы аптада жүретін болды
12.05.2026, 13:03
Жалпы ішкі өнім 3,6 пайызға өсті
12.05.2026, 13:00