Бизнеске әкімшілік қысым көрсету азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнеске әкімшілік қысым көрсету азаяды

08.02.2024

Кәсіпкерлерге әкімшілік қысым көрсетуді азайтып, орта бизнеске басымдық берілуі керек. Мемлекет басшысы Үкіметке осы мәселені тез арада шешуді тапсырды. Себебі, елімізде жеке бизнесті бақылайтын 90-нан аса мекеме бар. Былтырдың өзінде қадағалау саласының мамандары 500-ге жуық кәсепкерді заңсыз тексерген. Биыл бизнеске қысым көрсететіндердің жолы кесіледі. Еліміздегі 60-тан аса бақылау және қадағалау саласына автоматты жүйе енгізілді. Енді кәсіпкер заң талаптарын орындап жүр ме жоқ па оны 3 санат бойынша жасанды интелект анықтайды. Алдағы уақытта, бизнес нысандарды бақылайтын органның барлығы осы жүйеге көшетін болады.

Динара Ақынбекова, «АТАМЕКЕН» ҰҚП бизнесті реттеу департаментінің директоры:

Сары, жасыл, қызыл. Жоғары, орташа, төмен деңгейлі тәуекелдігі бар кәсіпкер болатын болса, тәуекел деңгейіне байланысты тексереді. Егер ол жасыл зонда болатын болса, оған тексеру саны да азаяды, тексерудің жиелігі де азаяды. Жоғары тәуекелділігі бар кәсіпкер болса оның қызметін әрине жиі тексеріп отырады.

 Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу