Президент: Әлеуметтік көмек шын мұқтаждарға берілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Әлеуметтік көмек шын мұқтаждарға берілуі тиіс

07.02.2024

Елімізде әрбір бесінші тұрғын мемлекеттен әлеуметтік көмек алады. Олардың ішінде еңбекке жарамдылары да бар. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Сондықтан реформа жүргізген кезде әлеуметтік көмектің кімге және қалай берілетіні толық қаралатын болды. Әлеуметтік салада тағы қандай өзгерістер болуы мүмкін. Оңғар Алпысбайұлы айтады.

Бүгінде мемлекет бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бөлініп жатыр. Инфроқұрылымды дамыту, сала мамандарының беделін арттыру бойынша да қыруар жұмыс атқарылды. Енді еліміздің барлық азаматтарына бірдей жағдай жасап, шын мәнінде көмекке мұқтаж жандарға жәрдем берілуі керек деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Халыққа әлеуметтік көмек береміз деп, біз, шыны керек, қоғамда масылдық психологияға жол бердік. Өркениетті ел боламыз десек, мұндай жағымсыз үдеріске тосқауыл қоюымыз керек. Жалпы, азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта қараған жөн. Себебі, мемлекеттен көмек алу үшін табысын әдейі азайтып көрсететін адамдар бар.

Жұмысқа қабілетті азаматтарға қаржылай көмекті тұрақты берген де дұрыс емес. Мемлекет өз азаматын қиын жағдайдан шығарып қана қоймай оның қабілетін арттыруға да көңіл бөлуі керек. Сарапшылардың пікірі осындай.

Алуа Жолдыбалина, ҚЗСИ директорының орынбасары:

Ол кісіге қаржылық міндетті түрде көмектесу керек көтерілгенге дейін. Сосын ол кісілердің біліктіліктерін көтеру керек. Ол кісілерге өте көп білім беру керек. Білім алуға мүмкіндік беру керек. Қаржылық сауаттылығын көтеру керек. Өзін өзі жетілдіруге көптеген механизм тудырып беру керек. Яғни ақшамен қатар ол кісілердің өзінің дамуына да мүмкіндік жасау керекпіз.

Халықтың жинақтаушы зейнетақы қорына жиған ақшасын да тиімді бағыттарға салу керектігін ескертті Президент. (ГЕО: АСТАНА) Ол қозғалмаса құнсыздана береді. Сондықтан тиімді бағыттарға инвестиция ретінде құюға болады. Қаржыны өндірістік саланы дамытуға бағыттасақ экономикаға да халыққа да тиімді болар еді деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Әрине, салымшылардың қаржысын сақтап қана қоймай, еселеу түсу қажет екені белгілі. Сондықтан жобаларды таңдағанда өте мұқият болу керек. Зейнатақы қаржысын айналымға нарықтық жағдайда тарту маңызды. Ең негізгісі салымшыларымыздың алдындағы жауапкершілікті ұмытпау керек.

Еліміздің үш қаласында салынғалы жатқан жылу электр станциялары осы қордың қаржысына тұрғызылады деген пікір де айтылған. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Роман Скляр ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Бұл жобалар инвесторлардың қаржысына салынады. Құрылыс жүргізетін компаниялармен келісімшарт жасалды. Үш жылу электр орталығы да әуелде көмірмен жұмыс істейді, кейін газға ауыстыруға болады. Ешқайсысының құрылысына зейнетақы қорындағы ақша жұмсалмайды.

алықтың медициналық сақтандыру қорына бағыттап жатқан ақшасы да тиімсіз жұмсалып жатыр. Соңғы 5 жылда бұл саланың бюджеті 2 есе өсіп, 2,6 трлн теңгеге жеткен. Алайда, медициналық көмектің сапасы жақсарды деп айтуға келмейді. Президент МӘМС жүйесін толық тексеріп, жұмыс істеу принципін түбегейлі өзгертуді тапсырды.

Тамара Дүйсенова ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

МӘМС жүйсіндегі ең негізгі мәселе, біз оны мойындауымыз керек Біз оны әлі тиімді системаға алып келген жоқпыз. Дүние жүзінде МӘМС әрбір емхананы азаматтарды іздеп, шақырып көмек көрсетуді қарастыру керек. Ал біз әлі өзіміз іздеп жүрміз. Осыны ауыстырып, архитектурасын қаржылық өзгертетін болсақ осыған келуміз керек.

Әлеуметтік осал топқа жататындар үшін медициналық жарна жергілікті бюджеттен бөлінуі керек деді мемлекет басшысы. Ал қазір 15 категория бойынша 11 млн қазақстандыққа сақтандыру жарнасы республикалық бюджеттен төленіп жатыр.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Мемлекеттік аппарат барынша тиімді және үйлесімді жұмыс істеуі керек. Қағазбастылық, көзбояушылық дегенді доғару қажет. Жоғарыдан тапсырма берілгенін, азаматтардан арыз түскенін немесе жағдайдың нашарлап кеткенін күтіп отыруға болмайды. Бастама көтеріп, дербес жұмыс істей білу қажет, - деді Президент. Сонда ғана мемлекет басшысының жүктеген жұмыстарын уақытылы әрі сапалы орындауға болады.

Хабарламаларға жазылу