Олжас Бектенов Премьер-Министр лауазымына тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Бектенов Премьер-Министр лауазымына тағайындалды

06.02.2024

Жаңа ғана белгілі болғандай, депутаттар Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Енді ол тәуелсіз ел тарихындағы 12-ші премьер министр. Бектенов былтырғы сәуір айынан бері Президент әкімшілігінің басшысы болды. Оған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған. 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

Хабарламаларға жазылу