Бүгін «Мемлекеттік тіл және Бұқаралық ақпарат құралдары» атты байқаудың жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Мемлекеттік тіл және Бұқаралық ақпарат құралдары» атты байқаудың жеңімпаздары марапатталды

22.06.2016
Бүгін «Мемлекеттік тіл және Бұқаралық ақпарат құралдары» атты байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Бүгін мәдениет және спорт министрлігі «Мемлекеттік тіл және Бұқаралық ақпарат құралдары» атты байқауды қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады. Жыл сайын ұйымдастырылатын бәйге үздік мақала, үздік сайт, үздік телеарна және үздік радио секілді төрт аталымнан тұрады. Әрбір аталым бойынша қазақ тілінің мәртебесі мен оны насихаттауға қалам тартып жүрген 12 тілші үздік деп танылды. Үздіктердің ішінде Қазақстан ұлттық телерадиокорпорациясының өкілдері де бар. Атап айтсақ «Үздік радио» аталымы бойынша қазақ радиосының тілшілері 1 және 3  орындарды иеленді.  Жалпы байқауға соңғы бір жылда жарияланған 200 ге жуық жұмыс келіп түскен. Бұдан бөлек байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында  бірнеше  журналиске министрдің алғыс хаттары мен құрмет грамоталары табысталды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу