Салауат Мүксімов: Министрліктерде басшы көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салауат Мүксімов: Министрліктерде басшы көп

02.02.2024

Министрліктерде басшы көп. Бұл жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов осылай деді. Былтыр агенттік 4 салаға ауқымды талдау жүргізген. Олар – Сауда және интеграция, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар министрліктері. Мысалы, Экология және табиғи ресурстар министрлігінде орталық аппаратының штат саны – 122. Оның ішінде 61 адам басшы және оның орынбасарлары. Сондай-ақ, ведомства құрылымында жеке департамент бар. «Жалпы, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде бюрократия фактілері әлі де кездеседі», - деді агенттік өкілі. Былтыр агенттік 910 өтінішті қарап, 350-ден астам қызмет алушының құқығын қорғаған.

Салауат Мүксімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:

Бюрократияның бірінші белгісі – басқару құрылымы мен штат санының жеткіліксіздігі және артық болуы. Бұл – көбіне мемлекеттік органдарда басшы лауазымдар санының артық болу дерегі. Ол басшылық құрамның жүктемесін азайтуға, басқарудың тиімділігі мен жеделдігін төмендетуге, жауапкершіліктен жалтаруға, қаржылық мүмкіндікті азайтып, қызметкерлерді ынталандыруға мүмкіндік бермейді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу