Өзбекстанда ауаға лас қалдықты шамадан тыс бөлетін нысандардың жұмысы тоқтауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда ауаға лас қалдықты шамадан тыс бөлетін нысандардың жұмысы тоқтауы мүмкін

29.01.2024

Өзбекстанда ауаға лас қалдықты шамадан тыс бөлетін нысандардың жұмысы уақытша тоқтауы мүмкін. Бұл- қоршаған ортаны қорғау бағытында қолға алынған шара. Ташкентте газ бен түтінді тазартуға арналған сүзгі орнатпаған 160 кәсіпорынға экология министрлігі ескерту жасады. Өзбекстан Олий Мәжілісінің Сенаты атмосфераға зиянды заттар бөлетін өндіріс орындарының қызметін 10 күннен аспайтын мерзімге шектеу және тоқтатуды қарастыратын құжатты мақұлдады. Депутаттардың пікірінше, құрылыс көбейіп, өндіріс көлемі ұлғайған сайын экологияға төнетін қауіп те артып келеді. Жаңа өзгеріс төтенше жағдайлардың алдын алу, халықтың өмірі мен денсаулығын жақсарту мақсатын көздейді.

 Танзила Нарбаева, Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы:

Елімізде индустрияландыру деңгейі жыл сайын артып келеді. Мұның экологияға тигізер кері әсері де орасан. Мұндай құқықтық нормалар әсіресе, Ташкент қаласында ауаның шамадан тыс ластануына жол бермеу үшін маңызды.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу