Риддерде 30 саяжайды су басты
Риддер қаласының шетіндегі 30 саяжай мен оған баратын жолды су басып қалды. Тұрғындардың айтуынша, Лениногор гидроэлектр станциясы өте көп мөлшердегі суды жіберген. Ол Громуха өзенінің жағалауына жайылып, сол маңдағы саяжайлар мен жеке жер учаскелерін басқан. Қазір қатты аязда қатқан мұз күн санап қалыңдап келеді. Тұрғындар көктемде қар ерігенде жағдай тіпті қиындай ма, деп алаңдаулы. Әсіресе, ойпатта жатқан жер үйлерді су шайып кету қаупі бар. Сондықтан халық қазірден бастап тиісті құжаттарын әзірлеп, жауапты мекеме өкілдерінен шығындарды өтеуді талап ете бастады. Ал кәсіпорын инженерлері оқыс жағдайдың алдын ала болжау мүмкін емес екенін айтады. Биыл Риддерде күн райы жылдағыдан жылы. Салдарынан Громатуха өзені қатпай, гидро стансада үнемі мұз кептелісі болғандықтан, артық суды ағызуға мәжбүр болған. Су басқан үйлерді қалыпқа келтіру кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ. Шығын сараптама қорытындысына сай өтеледі.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10