Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан полицейлері қылмысқа қарсы күш біріктіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан полицейлері қылмысқа қарсы күш біріктіреді

26.01.2024

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан полицейлері қылмысқа қарсы күш біріктірмек. Астанада үш елдің ішкі істер министрлері кездесті. Бұл осындай алғашқы басқосу. Жиында өзара іс-қимылды кеңейту мәселесі қаралды. Министрлер бірлесіп әрекет ету жұмыстарын жандандыру керектігін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге бағытталған хаттамаға қол қойылды. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу