Канвон-2024: Хоккейшілер қола медаль жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канвон-2024: Хоккейшілер қола медаль жеңіп алды

25.01.2024

Оңтүстік Кореядан жағымды жаңалық жетті. Жасөспірімдер Олимпиадасында хоккейшілеріміз қола медаль жеңіп алды. Бұл атлеттеріміздің ел қоржынына салған үшінші жүлдесі. Қазір бізбен Канвоннан тікелей байланысқа Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп қосылып тұр.

Диас Ахметшәріп - ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі:

Бүгін біздің қоржынымызға үшінші медаль түсті. Канвоннан шайбалы хоккейден 3-те 3 форматында Қазақстан ұлттық құрамасы қола медаль үшін мачтта  Австрия құрамасын 6-5 есебімен жеңді. Бұл жеңіс тарихта болмаған жағдай. 

Диас Ахметшәріп

Хабарламаларға жазылу