Ә.Смайылов: Жер сілкінісі болатыны туралы уақытылы хабар берілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Смайылов: Жер сілкінісі болатыны туралы уақытылы хабар берілмеген

23.01.2024

Премьер-министр Әлихан Смайылов алматылықтарға жер сілкінісі туралы уақытылы ескерту жасамаған мемлекеттік органдарды сынға алды. Алдын ала дайындалмаған халық әбігерге түсті. Осының кесірінен жарақаттанғандары да бар. Мұндай жағдайда барлық қызмет түрлері бірлесе жедел жұмыс істеуі керек. Сондықтан жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл жаттығуларын жиі өткізіп тұрған абзал. Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осындай ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын түзетуді тапсырды.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

Қаза тапқандар жоқ, ауқымды зиян келмеді. Алайда зардап шеккендер бар. Уақытылы ақпарат алмаған адамдар нақты әрекетсіз дүрбелеңге жол берді. Олар 2-3 қабаттардан секірген кезде зардап шекті. Бұл ескерту жүйелерін уақытылы қосып, халыққа мүмкіндігінше ертерек ақпарат беріп, хабарламалар жіберу қажет екенін көрсетті. Халық іс-қимыл алгоритмін білуі керек.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу