Көкшетауда өрт сөндіруші Асқар Забикулинге ескерткіш орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда өрт сөндіруші Асқар Забикулинге ескерткіш орнатылды

22.01.2024

Көкшетауда отқа оранған тұрғын үйден үш адамды құтқарамын деп ажал құшқан Асқар Забикулинге ескерткіш ашылды. Өрт сөндірушінің мүсіні қаланың қақ ортасында орналасқан. Оны көруге келгендердің қарасы қалың. Құтқарушының жанұясы мен әріптестері бейбіт күннің батырын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл қойды.

Ескерткіштің ені 1 метрден асса, биіктігі 3,7 метр. Мүсіншілер оны Көкше өңірінің ыстық суығына төзе алатын берік материалдардан жасаған.

Елдар Забикулин, А.Забикулиннің ағасы:

Бәріміз өте қуаныштымыз, иә, Астанада да қойылды. Көшелер де беріліп жатыр. Фильм де түсірілді. Часттың атын да берді. Алдағы жасөспірімдерге үлгі, ұмытпасын. Әрқашан да ұмытпаймыз. Мақтанамыз.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу