Мемлекет басшысының Италияға сапарынан кейін үлкен өзгеріс болуы мүмкін – сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Италияға сапарынан кейін үлкен өзгеріс болуы мүмкін – сарапшы

18.01.2024

Италиямен тек шикізаттық бағытты дамыта бермей, қайта өңдеу өнеркәсібін қолға алатын уақыт келді. Бұл тұрғыда Италия Қазақстан үшін жақсы әріптес бола алады. Экономист Айбар Олжайдың айтуынша, екі ел арасында осы салада жұмыс басталған, енді оны әрі қарай дамыту керек. Мемлекет басшысының осы сапарынан кейін өзгеріс болуы мүмкін, - дейді сарапшы. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары үшін шенген визасы мәселесі де шешілуі ықтимал деген пікірде.

Айбар Олжай, экономист:

Италияның өңдеуші сектордағы инвестициялары. Бізде зауыттар, фабрикалар тұрғызу, ауыл шаруашылығы техникаларын алып келу бойынша біз Италиямен көп жұмыс істегіміз келеді. Бұдан бөлек, Италия еуропарламентті жақсы орны бар. Біздің демократиялық, реформалық бастамаларымызға қолдау көрсететін елдің бірі, осы - Италия. 
Италия – Ресей мен Қытайдан кейін Қазақстанның үшінші стратегиялық сауда серіктесі. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, екі ел арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 15 млрд долларға жуықтады. Экспорт үлесі - 14 млрд долларға жақын, импорт 1 млрд доллардан сәл асады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 54%-ке артық. Былтырғы қаңтар мен қазан аралығында тауар айналымы - 13,1 млрд доллар болды. 2023 жылғы дерек бойынша, елімізде Италия капиталы құйылған 303 компания бар. 2022 жылы бұл мемлекеттен бізге келген тікелей инвестиция - 288 млн доллардан асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп. Ал былтыр жарты жылда ел экономикасына - 76 млн долларға жуық қаражат құйылды.

Хабарламаларға жазылу