Италия Сенатының бұрынғы төрағасы Қазақстан Президентіне қатысты естелігімен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италия Сенатының бұрынғы төрағасы Қазақстан Президентіне қатысты естелігімен бөлісті

18.01.2024

Италияның бұрынғы Сенат төрағасы Мария Элизабетта Альберти Казеллати мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты естелігімен бөлісті. Қазақстан президенті бұған дейін Италияға Сенат төрағасы болып барып, кездесу алаңында төрдегі орындыққа жайғасады. Сонда Альберти Казеллати орындықтың құтты екенін, адамға сәттілік әкелетінін айтып, Президентке жылы лебізін білдірген. Қазір Италияда іс-сапармен жүрген «Ақорда» арнайы жобасының жүргізушісі – Ақерке Бектас Италия Протокол қызметінің аудармашысы - Иван Мелкумянмен сұхбаттасқан еді. Сол сұхбатты назарларыңызға ұсынсақ.

Иван Мелкумян, Италия Протокол қызметінің аудармашысы:

Альберти Казеллати Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болғанда кездесудегі естелікті өзге әріптестеріне жиі айтатын. Қазақстан Президенті өте көркем сөйлейтін маман. Оның сөздерін тыңдап, өзге тілге аудару жеңіл. Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы болып қызмет еткенде бірге жұмыс істедім. Ал, қазір аздап қобалжып тұрмын.


Хабарламаларға жазылу