Шығыс Қазақстанда 6 ауылға баратын жол жабық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 6 ауылға баратын жол жабық

17.01.2024

Марқакөл ауданындағы Ақжайлау мен Қарой ауылына жол ашылды. Бірнеше ауыр техника таң атқанша тоқтаусыз қар тазалады. Дегенмен, әлі алты ауыл қар құрсауында, сыртпен байланыссыз отыр. Ал ең шеттегі Шанағаты ауылында әлі электр жарығы жоқ. Жол ашылмағандықтан энергетиктер де жете алмай отыр. Марқакөл ауылдық округінің әкімі егер боран соғып, қар жаумаса бүгін барлық елді мекендердің жолы ашылатынын хабарлады. Ал жалпы қар тазалау жұмыстарына 20-дан астам техника жұмылдырылды.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу