Петропавлда жеке сектордағы үйлерді көктемде су басуы мүмкін
Петропавлдың жеке секторында орналасқан үйлерді көктемде су басуы мүмкін. Өйткені жауған қар дер кезінде шығарылмай жатыр. Салдарынан жолдар тарылып, көлік қозғалысы қиындады. Солтүстік Қазақстанда қаңтар айының басынан бері түскен жауын-шашын көлемі әдеттегі мөлшерден 3 есе көп.
Биыл қала көшелерін қардан тазалауға 550 млн теңге бөлінген еді. Алайда, жұмыс сылбыр. Міндетіне салғырт қараған мердігер компанияға қатысты 18 әкімшілік хаттама толтырылып, 400 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Ал қаладан шыққан қар төгілетін полигонды ретке келтіруге қазынадан 24 млн теңге жұмсалмақ. Бұл мақсатқа былтыр наурыз айында дәл осындай сома бөлінген болатын.
Наталья Левина, «Қазгиромет» СҚО филиалы директорының орынбасары:
Бірде жаңбыр, бірде қар жауып жер беті мұз болып қатып қалды. Биыл ылғал көп. Заречный, Ойқала, Жұмысшы кенті қауіпті аймақта тұр. Жиналған қар шығарылмаса, көктемде қала орталығын да су басуы мүмкін. Өйткені суағарларлар шыдамайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13