А.Лаврентьев: Qarmet жаңа тарихи кезеңге аяқ басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Лаврентьев: Qarmet жаңа тарихи кезеңге аяқ басты

16.01.2024

Qarmet-тің жаңа инвесторы Андрей Лавреньтев барлық бөлімдердің өкілдерімен кездесті. Кәсіпорынның бас директоры Вадим Басин қазіргі жұмыс қарқын алғанын, жуық арада жоспарлы көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік бар екенін айтты. Жаңа басшылық келген кезде бірнеше кеніштердің жұмысы тоқтап тұрғаны белгілі. Құрылғылардың тозғаны және еңбек қауіпсіздігінің сақталмағандығы жағдайды тіптен қиындатқан. Андрей Лавреньтев осы олқылықтардың барлығын реттеу үшін қажетті мөлшерде қаржы бөлетінін және осы ұжыммен кәсіпорынның жаңа тарихи кезеңі басталатынын айтты.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу