«Қазақстан халқына» қорына 196,6 млрд теңге түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқына» қорына 196,6 млрд теңге түскен

15.01.2024

«Қазақстан халқына» қорына 2 жылдан бері 196,6 млрд теңге қаражат түскен. Бұл жайлы қордың Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді.

Қор 2 жыл ішінде жалпы сомасы 90,9 млрд теңгеге көмек көрсеткен. Қаражат қазақстандықтардың денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру салаларына көмек көрсетуге жұмсалған.

Қор басшысы бүгінде денсаулық сақтау саласында жалпы сомасы 103,3 млрд теңгеге 12 қайырымдылық бағдарламасы ұйымдастырылғанын айтты. Білім беру саласында 9 бағдарлама мен жоба жұмыс істеп жатыр. Қазір елімізде барлығы 191 тірек мектеп бар. Оның ішінде 80 мектепті жабдықтау аяқталған. Қор аудандық мектептерді робототехника кабинеттерімен жабдықтауға көмектескен.


Хабарламаларға жазылу