Қызылордада баланы парафинге күйдіргендерге сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада баланы парафинге күйдіргендерге сот үкімі шықты

10.01.2024

Қызылордада бір жасар сәбиді парафинге күйдіріп алған екі азаматшаға қатысты сот үкімі шықты. Жеке орталықтың/ медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы болмаса да, балаларға ем жүргізіп келгені анықталды.

Оқыс жағдай, былтыр мамыр айында болған. Ақмарал Бөлебаева/ дәрігердің тағайындауымен бір жасар баласына «массаж» алу үшін қаладағы жеке орталыққа жүгінген. Сол жерде директоры «парафиндік-терапия» емін жүргізуге кеңес беріп, медициналық білімі жоқ қызметкеріне емдік процедураны тапсырған. Ақыр соңында, баланың екі жамбасы мен екі саны 36 пайыз көлемінде күйік шалып, денсаулығына «орта» дәрежелі зиян келтірген. Біліксіз мамандардың кесірінен бүлдіршін әлі күнге дейін ем алып жүр.

Ақмарал Бөлебаева қала тұрғыны:

Тергеу барысында ол парафин емес қытайдың 1600 теңге тұратын грелкасы болып шықты. Сол грелканы тоққа өтек сияқты тығып қойып, баланы күйдірген болып анықталды. Килойной рубец деген нәрсе пайда болды баланың денесінде. Сол жарақат бойынша ем-дом шараларын әлі күнге дейін алып жатыр. 

Аталған дерек бойынша, тергеу ұзаққа созылып, сот үкімі жуырда шықты. Заңсыз ем жүргізген жеке орталықтың басшысын 3 жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ал оның көмекшісіне 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы берілді. Сондай-ақ, сот айыпталушылардан 5 миллион 500 мың теңге көлемінде моральдік және материалдық шығын өндіруге үкім етті.


Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу