Үкімет инфляцияны 6 %-ға дейін төмендетуді көздейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет инфляцияны 6 %-ға дейін төмендетуді көздейді

10.01.2024

Былтыр жылдық инфляция 9,8 пайызға төмендеді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетті. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте белгілі болды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, бағаны тұрақтандыру үшін қазір ұнның 25 мың тоннадан астам қоры жинақталған. Бүгінде өңірлерді жеңілдікпен бидаймен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен бірге, 174 мың тонна көкөніс қоры бар. Бұл ақпан-сәуір айларындағы көкөніс бағасына әсер етеді. Жалпы Үкімет биыл инфляцияны 6 пайызға дейін төментуді көздейді.

Хабарламаларға жазылу