Президент «Qarmet» компаниясына қарасты нысандардағы жағдайды бақылауға алуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Qarmet» компаниясына қарасты нысандардағы жағдайды бақылауға алуды тапсырды

10.01.2024

Мемлекет басшысы «Qarmet» компаниясындағы жағдайды ерекше бақылауға алу қажет екенін айтты. Ақордада Президент қабылдауында Қарағанды облысының әкімі болды. Ермағанбет Бөлекпаев жаңа инвестордың өндірісті тұрақтандыру және оның көлемін арттыру бағытында қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ компания жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жөнінде мәлімет берді. Бұдан бөлек облыста атқарылып жұмыстар баяндалды. Былтырғы 11 айдың ішінде өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1 триллион теңгені құраған. Биыл жалпы шағын және орта бизнестің үлесін 19 пайыздан 25 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Ауылдық жерлерде 92 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталған. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 10 мектеп пайдалануға берілмек.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

Өткен жылы 11 ірі инвестициялық жобалар іске қосылып, 2,5 мыңнан аса тұрақты жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар жылыту маусымы бойынша баяндадым. Жеке «Qarmet» компаниясының инвесторларының атқарып жатқан жұмыстары бойынша, компанияның алға қойған жоспарлары туралы баяндап бердім. Осы және басқа бағыттар бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу