Маңғыстауда қызылшаға қарсы жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда қызылшаға қарсы жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр

08.01.2024

Маңғыстауда қызылшаға қарсы жаппай иммундау шарасына Үкімет резервінен 208 млн теңге бөлінді. Қазір аймақта қосымша жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр. Бүгінге дейін 38 мыңнан астам адам егілген. Вакцина алғандардың қатарында 6 айдан 10 айға дейінгі, 2 мен 4 жас аралығы және 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар бар. Сондай-ақ, облыстағы медицина қызметкерлері толықтай егілген. Енді қосымша иммундау науқанында 72 мыңнан астам тұрғынды қамту жоспарларланған. Ал, ел бойынша бүгінде 930 мыңға жуық адам вакцина алып үлгерді.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу