Астанада ХІІ Дельфий ойындары басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ХІІ Дельфий ойындары басталады

12.06.2016
Астанада ХІІ Дельфий ойындары басталады

13-15 маусым аралығында елордада өнерлі жастар өмірінің басты оқиғасы - XII Дельфий ойындары өтеді. Биыл өнер додасы «Тәуелсіздікпен болашаққа!» ұранымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана Әкімбдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық конкурсқа қатысушылар бірнеше номинацияда бағын сынайды: фортепиано, скрипка, домбыра, прима-қобыз сияқты халық аспаптары. Сонымен қатар, халық биі, эстрадалық және академиялық ән салу, қысқаметражды фильм және бейнеролик, фотосурет, бейнелеу өнері. Әртістер, киім дизайнерлері мен ди-джейлер де шеберлік байқасады. Биыл «ым-ишарат тілінде ән айту» номинациясы енгізілді. Оған 16-25 жастағы азаматтар қатысады.  

Жалпы, Дельфий ойындарына қатысушылардың орташа жасы 10-нан 25 жас аралығында, конкурста оқушылар мен студенттер, басқа да жастар өз өнерлерін ортаға салады. Дельфий ойындары жас дарындарды анықтауға және одан әрі дамытуға, өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуге, тұлғаның рухани қалыптасуына қолдау көрсетуге көмектеседі.

Шараның салтанатты ашылуы 13 маусымда сағат 11.00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өтеді. 

Хабарламаларға жазылу