Қаңтар оқиғасына байланысты сайт ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасына байланысты сайт ашылады

05.01.2024

Қаңтар оқиғасына байланысты арнайы сайт ашылады. Онда жан-жақты мағлұмат қамтылмақ. Бүгін Астанада 2022 жылдың қаңтарында болған оқиғаларды талдау бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты Арман Құспан өз баяндамасын таныстырды. Қозғалған қылмыстық істердің нәтижесінде фигуранттардың оқиға кезінде қандай рөл атқарғаны белгілі болған. Олар шартты түрде ұйымдастырушылар, арандатушылар, арандатуға бой алдырғандар деп үш топқа бөліп қарастырылған. Қылмыстық істер сотқа келіп түскен. Үкім шығарғанға дейін қылмыс жасады деп алдын ала айыптау заңға қайшы. жоқ. Алайда сот ашық режимде өтеді. «Көп сұраққа ашық жауап сол жерде алынады»,-деді депутат. Қаралы қаңтарға қатысты баяндамада Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімінің арқасында ел басына төнген қауіп бұлты сейіліп, заң мен тәртіп үстемдік құрғаны туралы да айтылды. Абзал Құспан, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: 2022 жылдың қаңтар айында осы «Қаңтар оқиғасына» қатысушы тұлғаларға құқықтық және заңгерлік көмек көрсету жұмыстарын бастаған болатынмын. Тек қана осы «Қаңтар оқиғасына» және оның тергелуіне қатысты арнайы сайт ашылады. Сайтта осы «қаңтар оқиғасының» тергеуіне байланысты барлық материалдар жарияланады. Бұл жерде факт қалай орын алды, сол минутына дейін көрсетіледі.

Қаңтар оқиғасына байланысты арнайы сайт ашылады. Онда жан-жақты мағлұмат қамтылмақ. Бүгін Астанада 2022 жылдың қаңтарында болған оқиғаларды талдау бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты Арман Құспан өз баяндамасын таныстырды. Қозғалған қылмыстық істердің нәтижесінде фигуранттардың оқиға кезінде қандай рөл атқарғаны белгілі болған. Олар шартты түрде ұйымдастырушылар, арандатушылар, арандатуға бой алдырғандар деп үш топқа бөліп қарастырылған. Қылмыстық істер сотқа келіп түскен. Үкім шығарғанға дейін қылмыс жасады деп алдын ала айыптау заңға қайшы. жоқ. Алайда сот ашық режимде өтеді. «Көп сұраққа ашық жауап сол жерде алынады»,-деді депутат. Қаралы қаңтарға қатысты баяндамада Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімінің арқасында ел басына төнген қауіп бұлты сейіліп, заң мен тәртіп үстемдік құрғаны туралы да айтылды.

Абзал Құспан, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

2022 жылдың қаңтар айында осы «Қаңтар оқиғасына» қатысушы тұлғаларға құқықтық және заңгерлік көмек көрсету жұмыстарын бастаған болатынмын. Тек қана осы «Қаңтар оқиғасына» және оның тергелуіне қатысты арнайы сайт ашылады. Сайтта осы «қаңтар оқиғасының» тергеуіне байланысты барлық материалдар жарияланады. Бұл жерде факт қалай орын алды, сол минутына дейін көрсетіледі. 




Хабарламаларға жазылу